«Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным»
«Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным»
Мақсаты: Педагогтардың кәсіби қызметінде әділдік пен адалдық қағидаларын басшылыққа алуға бағыттау, ұжымда сенімге негізделген психологиялық ахуал қалыптастыру және тұлғалық жауапкершілікті арттыру.
Міндеттері:
Әділдік пен адалдық ұғымдарының маңызын түсіндіру;
Педагогтардың өзін-өзі бағалау, рефлексия жасау дағдыларын дамыту;
Ұжымда ашықтық пен сенімді қарым-қатынас орнату;
Кәсіби этика нормаларын нығайту.
Педагог-психолог: Абдуалиева М
«Адалдық дүкені»
Мақсаты: Балалардың бойына адалдық, шыншылдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сенімге негізделген орта құру арқылы өз-өзіне есеп беруге үйрету.
Парасаттылық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.
Қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
16.02.2026
Заң және тәртіп – қоғам негізі
Бүгін «Шапағат» бөбекжай-бақшасында» ата-аналар арасында «Заң және тәртіп» тақырыбында ішкі істер маманы және Ақсай ауылдық округінің инспекторы Жұмағұлов Ілияс ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдық тәртіпті нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.
Әр азаматтың заңды құрметтеп, тәртіпке бағынуы – қауіпсіз әрі тұрақты қоғамның кепілі екені айтылды. өз ойларын ортаға салып, маңызды сұрақтарға жауап алды.
Заңды білу – өз құқығыңды қорғау, ал тәртіп сақтау – ортақ жауапкершілік.
Бәріміз бірлесе отырып, әділетті әрі тәртіпті қоғам құруға атсалысайық!


