08.01.2024ж.

ХАБАРЛАМА!
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «Шапағат» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК 2023 жылы 23 қараша күні бос лауазымға кандидаттарды қабылдау үшін конкурстық комиссия отырысы болып өтті.
Конкурс ҚР Білім және ғылыми министірінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауы 1-параграфына сәйкес өткізілді.
Конкурсқа тапсырған тәрбиеші лауазымына үміткердің құжаттары толық қаралды.
Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша «Шапағат» бөбекжай-балабақшасының» тәрбиеші лауазымына Аманова Гүлжан Серсембайқызы ұсынылды.
26.12.2023ж.
«Шапағат» бөбекжай-балабақшасы»МКҚК 2023 оқу жылының жылдық есеп қорытындысы.
Мекеме 100 бала орынға есептелген.1 қабатты ғимарат ыңғайластырылған.
Жалпы балабақшада 13педагог бар, оның ішінде жоғары білімді -13 Педагог-сарапшы — 3,педагог модератор -1 ,бірінші санатты – 1, екінші санатты – 4, санаты жоқ -3 педагог бар. Педагогтардың барлығы біліктілігін арттыру институтынан білімдерін көтерген.
2023 жылы қыркүйек айында балабақшадағы балалар саны 100 болды. Барлығы бірдей арнайы жолдамамен қабылданған.
Балабақшада жаңа оқу жылына қажетті көрнекіліктердің бәрімен қаматамасыз етілді. Әр баланың жеке-тұлғалық сапасын жетілдіру және оларды дамыту мақсатында 5-дағды бойынша нәтижелі жұмыстар жүргізілді. Барлық топтарда жас ерекшеліктеріне сай 5 дағды бойынша перспективалық жоспарлары бар.
2023 оқу жылына арналған жылдық міндеттемелерді педагогикалық кеңесте қарап бекітілді.
1.Балалардың денсаулығын нығайту үшін, қимылды ойындар арқылы қимыл-қозғалыс белсенділігі әрекеттерінің тиімділігін арттыру.
2. Балалардың ауыз екі сөйлеу мәнерін жеткізе, ертегіні кейіпкерлендіру барысында диалогтық, монологтық қарым-қатынасын ескеріп байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Осы алынған жылдық міндеттемеге байланысты көптеген жұмыстар жүргізіледі
Дені саудың жаны сау» — дегендей балалардың денсаулығын сақтау жолында күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жүргізіліп отырады. «Шынықсаң шымыр боларсың» — дей отыра ата – аналар мен балалар арасында эстафеталық, спорттық сайыстар өткізіліп отырады. Күннің ІІ – ші жартысында балалармен дидактикалық ойын, қимыл қозғалыс ойыны, ұлттық ойындар, сюжет ойындарын жеке жұмыстар жүргізіледі.
Қ.қ.о: «Поезд», «Ақ серек көк серек», «Түлкі мен балапандар», «Ақ қоян», «Маған қарай жүгіріңдер», «Кеглиді құлат» т.б ойындарды ойнай алады.
С.р.о: «Шаштараз», «Дүкенші», «Отбасы», «Дәрігер» т.б ойындарды еркін меңгерген..
Қыркүйек айында барлық топтарда «Алтын куз» атты ертеңгілігі өз деңгейінде өтті.
Ата- аналармен бірлесе отырып «Күз көрмесі» өткізілді.
24 қарашада «Республикам менің » атты ортаңғы және ересе топтарында тақырыптық оқу іс -әрекеті өтті.
Тәуелсіздік күніне орай «Менің Отаным Қазақстан » атты тәрбие сағаты ортаңғы және ересек топтарда өткізілді.
13.11.2023ж.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жуалы ауданының білім бөлімінің «Шапағат»бөбекжай-балабақшасы» МКҚҚ бос орынға конкурс жариялайды.
1.»Шапағат» бөбекжай-балабақшасы»МКҚК
— Мекеменің мекен-жайы:Жуалы ауданы ,Қайрат ауылы,Абай көшесі 2 үй.
— Анықтама,байланыс нөмірі: 87263523532
— Электорондық поштасы: shapagat_zhuali@mail.ru
2. Негізгі функционалдық міндеттері: Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Казахстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», Казахстан Республикасының Тіл туралы заңы,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін , педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін ,әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика , еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.
Лауазымдық міндеттері: Тәрбиеші МА мекемесіне келген балалардың денсаулығы мен өміріне өз жауапкершілігін алады.Алғашқы көмек көрсетеді
Оқу-тәрбие жұмысын «Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес,жоспарлап жүзеге асырады»
Оқу іс-әрекетін өткізуде ұқыптылықпен дайындалады т.б
24.10.2023ж.
«Шапағат» бөбекжай-балабақшасында Білім беру жүйесінде педагог лауазымдарға кадрлық резерв қалыптастыру жөңіндегі комиссия отырысы өтті.


24.10.2023 «Шапағат» бөбекжай-балабақшасында Білім беру жүйесінде педагог лауазымдарға кадрлық резерв қалыптастыру жөңіндегі комиссия отырысы өтті.
Конкурсқа өтініш берген Зауирбекова Акнур Аширхановна тұрақты бос қазақ тілі лауазымына үміткердің бақылау парағы талапқа сай екендігі расталды.
11.10.2023ж.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Жуалы ауданының білім бөлімінің «Шапағат»бөбекжай-балабақшасы» МКҚҚ бос орынға конкурс жариялайды.
1.»Шапағат» бөбекжай-балабақшасы»МКҚК
— Мекеменің мекен-жайы:Жуалы ауданы ,Қайрат ауылы,Абай көшесі 2 үй.
— Анықтама,байланыс нөмірі: 87263523532
— Электорондық поштасы: shapagat_zhuali@mail.ru
2. Негізгі функционалдық міндеттері: Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі н, Казахстан Республикасының «Білім туралы» , «Педагог мәртебесі туралы», Казахстан Республикасының Тіл туралы заңы,
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын және білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; дидактика принциптерін , педагогика және жастық психология негіздерін, басқарудың инновациялық әдістерін ,әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін,баспалармен жұмыстың негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін; экономика , еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелер мен нормаларын.
Лауазымдық міндеттері: Қазақ тілі мұғалімі балаларды бағдарламаға сәйкес оқытуды ұйымдастырады және жоспарлайды. Балалармен мәдени құндылықтармен және қазақ халқының салт-дәстүрінмен таныстырады.Балалардың қазақ тіліндегі біліміне,олардың денсаулығы мен өміріне жауапкершілікті алады.т.б