Хабарландыру «Таңертеңгі балаларды қабылдауда ата-аналарға»
Бала бақшамызда 20 қараша күні балабақша медбикелері Әлия Мауленовна мен Айсұлу Алмасхановна таңертеңгі балаларды қабылдауда ата-аналарға
🩺 «Қызылша ауруы және оның алдын алу жолдары» жайлы кеңес беріп , брошюралар таратты.
🩺 Ортаңғы және ересек топ балаларына «Қызылша ауруының пайда болуы және гигиеналық шаралар маңызы» туралы тақырыбында кеңейтілген іс-әрекет өткізіліп балаларға жеке бас гигиенасын сақтау, қызылша ауруының алдын алу басты құрал екендігі туралы айтып түсіндірді.
🩺Ұжым қызметкерлеріне «Қызылша инфекциясымен күресудің жолдары» тақырыбында кеңес беріп,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.