13.02.2025
Балабақша психологы ата-аналарға балалармен қарым-қатынастың тиімді әдістері бойынша «Жүрек жылуы»тақырыбында тренинг өтілді.






2023-2024 оқу жылында педагог-психологтың жылдық жұмыс жоспары
Тақырыбы: «Күз. Күзгі жапырақтар».
Мақсаты: Күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Дәстүрден тыс паролон губкамен суретті бастырып салуды үйрету. Орман ағаштарымен таныстыру. Сөздік қорларын жетілдіріп, ауыз екі сөйлеулерін дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Педагог-психолог: Абдуалиева Мадина
Бала балабақшаның жүрегі. Балалардың жан дүниесі, қабылдауы әр түрлі. Оның барлығы балалардың жеке даму психологиясын айқындап, көрсетеді. Баланың шығармашылық қабілетін, даму деңгейін, құштарлығын, белсенділігін анықтаудың жолдары өте көп. Қазіргі таңда кеңінен тараған психитерапияның бір саласы ол – «Арт терапиясы»
Педагог-психолог: Абдуалиева Мадина
Топтық жұмыс балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.
Ұсақ қол моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді.
Бұл ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарады, балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырады. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.
Педагог-психолог: Абдуалиева М.К.