Бүгінгі таңда азық-түлік бағасының көтерілуіне байланысты ата-аналардың төлемақысы көтеру қажеттілігі туындап отыр. Ата-аналар төлем ақысы көтерілуіне байланысты тәрбиеленушілердің ата-аналары арасында жиналыс өткізілді. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді және ата-аналардан саулнамалар алынды. Қазіргі таңда азық-түлік бағамының өсуіне байланысты 2025жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге орта есеппен 20074 теңге мөлшеріндегі қаржы жобаға ұсынылды.
2024 жылдың 29 тамыз күні «Жаңа оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында балабақша педагогтеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының іске асыру жолдары, цифрландыру жағдайында білім беру процесінің ұйымдастырылуы ерекшеліктері бойынша ұсынымдар берілді
11 наурыз күні «Шапағат» бөбекжай-балабақшасында» Қазақстан Республикасының Білім ғылым министірінің 2016 жылғы 27қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген «Педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттарына» енгізілген өзгерістерді талқылау, түсіндіру бойынша ақпараттық кеңес өткізілді.
«Әжемнің ертегісі» тақырыпта балабақшамызда бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа тәрбиелеу мақсатында ертегіні дауыстап оқу шарасы өтті.Ақсай ауылдық огругінің ,Аналар алқасының төрайымы ,кітапханашы Мырзакулова Гүлжан апайымыздың ұйымдастыруымен өткен шарада алдымен «Ерте, ерте, ертеде…» бұрышы жасақталса, халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ең бай асыл мұраларының бірі – ертегі туралы кеңінен айтылып, «Қасқыр мен қу түлкі»…
Читать дальше
«Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру ,ілімді насихаттау, оқыту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ішкі істер министірінің 2020 жылғы 2 шілдедегі №494 бұйрығын орындау және а.ж 23 қаңтарында Алматы қаласында жер сілкінісінің орын алуына байланысты «Шапағат»бөбекжай-балабақшасында» тәрбиешілермен,тәрбиеленушілермен және қызмет көрсетуші персоналмен сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
«Қыс қызығы» (Қарды бақылау) Ересек тобындағы ұйымдастырылған серуенТақырыбы: «Қыс қызығы» (Қарды бақылау)Қыстың белгілері туралы білімдерін пысықтау, ойлауын, есте сақтау қабілетін, зейінін, шапшаңдығын, табиғаттың әсемдігін көре білу икемділігін дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, сезімдерін тәрбиелеу,сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту.Тәрбиеші:Бердалиева Айнұр