«Ғылым Fest» атты ғылыми фестивальге қатысып, ерекше әсер алып қайттық.
«Ғылым Fest» атты ғылыми фестивальге қатысып, ерекше әсер алып қайттық. Фестиваль барысында ғылымның қаншалықты қызықты әрі маңызды екенін тереңірек түсіндік. Түрлі ғылыми жобалармен танысып, тәжірибелер көріп, жаңа әрі пайдалы ақпараттар білдік.
Бізге әсіресе қатысушылардың өз жобаларын қызығушылықпен таныстырып, ғылымға деген сүйіспеншілігін көрсетуі ұнады. Фестиваль бізге жаңа идеялар беріп, өзімізді ізденуге, зерттеуге және жаңалық ашуға ынталандырды.
«Ғылым Fest» фестивалі біздің ғылымға деген қызығушылығымызды арттырып, болашақта жаңа жобалар жасауға шабыттандырды.



